Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 15,75% дейін төмендетті. Бұл шешім елдегі инфляцияның біртіндеп баяулауына және теңге бағамының тұрақтылығына байланысты, деп хабарлайды 24KZ.
Ұлттық Банктің хабарлауынша, жылдық инфляция он екі ай бойы төмендеп, қыркүйекте 9,3% болды. Бұған азық-түлік бағасының бәсеңдеуі және жанар-жағармай бағасының өсу қарқыны баяулады әсер етіп отыр. Биыл жалпы ішкі өнім құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік секуторы есебінен 4,2%-ға өсті. Негізгі капиталға инвестиция 7%-ға артты. Тұтынушылық несие беру былтырғы деңгеймен салыстырғанда бәсеңдеді. Бұл инфляцияны тежеуші факторларға жатады. Ал сарапшылардың пікірінше, Ұлттық Банктің бұл қадамы ішкі нарықтағы сауда айналымын жандандырады. Халық үшін кредиттер мен ипотекалардың қолжетімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Бекнұр Сейтжанұлы, экономист, Еуразия франчайзинг қауымдастығының төрағасы:
- Оның төмендегені жалпы халыққа әлеуметтік жағынан пайда әкелді. Өйткені экономиканың нарықтық түрі және әлеуметтік қыры бар деп айтуға болады. Сондықтан әлеуметтік жағынан қарасақ, мысалы, кредиттер, ипотекалар төмендеп кетеді. Екіншіден, бағаға да әсері тиеді. Егер базалық мөлшерлеме түссе, яғни біздің экономикамыздың жағдайы жақсы болып келе жатыр. Үшіншіден, тауар жағынан, бұл деген базалық мөлшерлеме қаржыны жүргізіп жібереді де халық тауар ала бастайды. Экономика да тірі болады.