Агробизнес: Өңдеу саласына 8,3 миллиард теңге бағытталады

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы алғаш рет шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорынды қаржыландырды. Осылайша Түркістан облысындағы Narlen брендімен танымал шұжық өндіруші кәсіпорын 3 млрд теңге жеңілдетілген несие алды. Қаражат шикізат сатып алуға бағытталады. Жалпы 2026 жылдың басынан бері «Агробизнес» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 8,3 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша кәсіпорындарға жылдық 5 пайызбен несие беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: