Агробизнесте әйелдер үлесі артты

Әйелдердің агробизнестегі үлесі артып келеді.

Осыдан он жыл бұрын саладағы кәсіпкерлердің 10-15 пайызы ғана әйелдер болса, былтыр бұл көрсеткіш 30 пайызға жуықтаған. Бұл туралы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы өткізген семинарда Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Елена Шевченко мәлімдеді. Ұйым Қазақстандағы әйелдердің агроөнеркәсіп саласындағы жағдайын зерттеп, негізгі мәселелерді анықтаған. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қаржы жетіспейтінін айтқан. Бұдан бөлек өнім өткізетін нарықтарға шығу, логистика және ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету мәселелері де бар. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығындағы әйелдерді қолдауға бағытталған нақты шараларды әзірлеуге негіз болмақ.

Елена Шевченко, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Ең алдымен агроөнеркәсіптегі әйелдерге консультациялар берілетін кеңселер қажет. Түрлі өңірде тұратын әйелдердің білімін шыңдау үшін тренингтер өткізуге болады. Ол үшін сұранысы жоғары шаруашылықтарды анықтап алу қажет. Және заманауи технологияларды қолданып жатқан халықаралық әріптестермен кездесулер ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға болады.

Гүлия Жүнісова "Атамекен" ҚР ҰКП департамент директоры:

- "Бір ауыл - бір өнім" жобасы аясында біздің мақсатымыз - экологиялық таза жергілікті шикізаттан жасалатын ұлттық дәстүрлерімізді дәріптейтін өнімдерді анықтап, сол өнімдерді сыртқы нарыққа шығару мақсатында жүзеге асырып келе жатырмыз. Қорытындысы бойынша біз түрлі барьерлерді көріп жатырмыз. Әйелдер шаруашалығында қандай барьер барын талқылаймыз. Бұл ұйым біздің экономикаға шеттен қарап отыр. Независимый эксперттердің мнениесі бізге маңызды. Осында йұйымдар бізге келіп жатса тек қана экономикасының дамуына үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыз: