Бес ел ортақ QR-төлем жүйесіне қосылады
5 елге ортақ бірыңғай QR-төлем жүйесі жасалып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Енді Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан азаматтары өз банктерінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алуы мүмкін. Сондай-ақ ақша жіберіп, қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Қазір әр елдің орталық банктері ұлттық QR-төлем жүйелерін өзара байланыстыру тетігін пысықтап жатыр. Бұл жайлы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Жобаны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.