Кредит пен депозиттің арасы 8,5 трлн теңге

Елдің несие нарығы тарыққан жоқ. Биыл қыркүйектегі өсім 13 пайыздан асқан. Осылайша, екінші деңгейлі банктердің кредит қоржыны 46 трлн 300 млрд теңгеге жетті. «Егер соңғы жылдағы ақша-кредит саясатын сараласа, бұл салыстырмалы түрде жақсы көрсеткіш», - дейді мамандар.

Өйткені өткен 3 жылда қаржы институттарының қарыз беру қарқыны 20 пайыздан түспеген. Енді сәл шегініс жасайық. Сәуірде банктердің кәсіпорындарға несие рәсімдеуі 27 пайызға жуықтапты. Былтырдан басым. Бірақ бір түйткіл бар. Банк кредит береді. Ал компаниялар ақшасын сонда сақтайды. Бұ қалай дерсіз? Қаржылық қатынас солай. 

Сонымен шілде айында екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғалардың депозиттері 21 трлн 100 млрд теңге болса, несиелеу – 12 трлн 600 млрд теңге. Арадағы айырмашылық 8 жарым трлн теңге шамасында. Осы тұрғыда Президент жуырдағы Жолдауында: «Банктер бизнесті инвестициялық кредиттеуге барынша атсалысуға тиіс», - деген еді. Бұл – олардың негізгі миссиясы екенін тағы бір мәрте еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз: