Күнбағыс қауызы отын ретінде экспортталады
Күнбағыс майын шығаратын өндіріс орындарындағы қалдық та көл-көсір табыс көзіне айналды. Бұл өсімдіктің қауызын Еуропа елдері электр стансаларына отын ретінде қолданады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биылғы 9 ай ішінде отандық компаниялар 63 млн тоннадан астам өнім экспорттаған. Яғни 3 жарым есе көп. Негізгі импорттаушы ел – Польша. Тауардың 98 пайызы осы елге жөнелтілген. Біздің елдегі ірі кәсіпорында заманауи қазандық орнатып, күнбағыс қауызы арқылы өзіне қажетті электр энергиясын өндіріп отыр. Яғни өсімдік қалдығы тауар өндірушілер үшін қосымша табыс көзі ғана емес, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралға айналып келеді.