«Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа аумаққа инвестиция тарту, заманауи өндіріс орындарын ашу және өңір экономикасын дамыту көзделіп отыр. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Аумағы 600 гектар болатын экономикалық аймақ Жаңасемей ауданында орналасады. Мұнда жоғары технологиялы кәсіпорындар салынып, экспортқа бағытталған өндіріс орындары шоғырланбақ. Жобаларға тартылатын инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгеге жетеді деген жоспар бар. Жаңа кәсіпорындар іске қосылғанда 14 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл еліміздегі XIX арнайы экономикалық аймақ. Жаңа өндірістер өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына, жергілікті өнімдер мен қызметтерге сұраныстың артуына серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыз: