Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі артады

Семейде елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды. Экономика қарқынды дамып, өндіріс орындарының саны артқан сайын қуат көзіне сұраныс өсіп келеді, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы нысандардың өндірістік қуатын арттыру айрықша маңызға ие. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес, Қазақстан 2029 жылға қарай электр энергиясы тапшылығын толық еңсеріп, өндіріс көлемін тұтыну деңгейінен асыруы тиіс. Энергетика саласын дамытудың тағы бір маңызды бағыты – білікті мамандар даярлау. Әсіресе, атом энергетикасы саласы үшін кәсіби кадр даярлау мәселесіне басымдық берілуі қажет. Кездесуде Құрылтай депутаттары мен салалық министрлік өкілдері Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін білдірді

Айрат Базенов, Құрылтай депутаты:

– Өңірімізде және Қазақстанда атом энергиясын зерттеуге, оны игеруге байланысты мамандардың тапшылығы көрінеді. Ол атом электр энергиясын пайдалануға байланысты, тіпті басқа да жалпы энергетикке деген тапшылық бар. Сондықтан біз депутат ретінде бұл сұрақты жоғарғы Білім, ғылым министрлігіне де, мектептерге де, өйткені бұл мамандықтың қажет, болашақтың мамандықтарының бірі екенін біз көрсетуіміз керек.

Сондай-ақ оқыңыз: