ЭЫДҰ форумында көлік дәліздерін дамыту талқыланды
Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инфрақұрылымдық форумында көлік дәліздерін дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапынан жиынға «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының директоры Нұрлан Құлбатыров қатысты. Форумда ұйымның Орталық Азия елдерінің инфрақұрылымдық дамуын зерттеген SIPA бағдарламасының нәтижелері қарастырылды. Сарапшылар Қазақстанның жалпы құны 80 миллиард доллардан асатын 204 жобаны қамтитын ұлттық инфрақұрылымдық жоспарына талдау жасады. Негізгі ұсыныстар қатарында Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту, Транскаспий бағытын дамыту және жүк тасымалын цифрландыру белгіленген. Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, бұл міндеттер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды Еуразиядағы жетекші көлік-логистикалық хабқа айналдыру жөніндегі Жолдауында айқындалған бағытпен үндеседі.
Нұрлан Құлбатыров, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры:
- Біздің еліміз арқылы 5 теміржол дәлізі және 8 автокөлік дәлізі өтеді. Бұл еліміз арқылы өткізетін тауарлардың тек транзиты емес, сонымен қатар қазақстандық өнделген өнімдердің экспортын ұлғайтуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызметтер саудасы, яғни 2025 жылы еліміздің қызметтер экспорты 12 миллиард АҚШ долларын құраса, соның жартысы транспорт және логистика саласына тиесілі.