Алатау қаласын дамыту мен басқарудың стратегиялық мәселелері қаралды

Алатау қаласының халықаралық стандарттарға сай инвесторлар құқығын қорғауға бағытталған дербес реттеу жүйесі құрылады.

 Бұл туралы Alatau City Authority Бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров арнайы басқосуда хабарлады. Жиында шаһарды дамытудың ұзақ мерзімді жоспары талқыланды. Құжат британдық Arup компаниясымен бірлесіп дайындалған. Онда Алатаудың құқықтық жүйесін қалыптастыруға басымдық берілген. Сондай-ақ екі негізгі ереже қарастырылыпты. Олар нормативті-құқықтық актілер мен заңды тұлғалардың қызметін реттеуді көздейді. Қос құжат та шетелдік инвесторларға таныс британдық модель бойынша әзірленген. Бұл іске құрылыс, құқық, қаржы және токенизация саласында құзыреті бар АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Мысыр, Сауд Арабиясының мамандары да тартылған.

Дэн Рингельштейн, Arup компаниясының қалалық даму, жоспарлау және дизайн жөніндегі директоры:

- Осындай ықшам қалада жаңа әкімшілік орталық пен іскерлік белсенділіктің бірнеше орталығы және су қоймасы маңында туристік аймақ пайда болады. Даму жоспары қала аумағында жеке сектор өкілдері жоспарлаған жобалардың жүзеге асырылуын жеделдетуге де ықпал етеді. Қазір Alatau City қаласына деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Біздің мақсатымыз – осыған қосымша серпін беріп, одан әрі артуына жағдай жасау. Alatau City қаласын дамыту жоспарын Алматы агломерациясын басқару органдарымен тығыз өзара іс-қимыл орнатудың негізі ретінде қарастырамыз. Бұл екі қаланың өзара үйлесімді әрі тығыз байланыста дамуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: