Әлемдік нарықта мұнай арзандады
Brent маркалы қара алтынның бағасы 91 долларға дейін түсті. Ал америкалық WTI мұнайының әр баррелі 85 долларға сатылды. Осылайша, бір тәулікте энергетикалық шикізат нарығы 3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бағаның арзандауына АҚШ вице-президентінің мәлімдемесі себеп. Джей Ди Вэнс Құрама Штаттар Иранмен арадағы соғысты 2 жылға жеткізбейтінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебіне сай осы тоқсанда әлемдік нарықта мұнай көлемі молая түседі. Ұсыныс тәулігіне 105 млн баррельге жетуі мүмкін. Бұл сұраныстан шамамен 2 млн баррельге көп. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасының дерегі бойынша 3-ші тоқсанда Ормуз қақпасы арқылы мұнай тасымалы 78 пайызға өсті. Сауд Арабиясы өндірісті ұлғайтса, БАӘ нарықтағы үстемдігін сақтап қалу үшін тұтынушы елдерге арзан баға ұсына бастаған.