Бағалы металдар бағамы құбылып тұр
Ал әлемдік нарықта бағалы металдар бағамы әркелкі өзгерді. Алтынның бір троя унциясы 3 565 доллар 76 центке бағаланды. Күмістің құны сәл арзандап, 41 доллар 39 центті құрады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал платина керісінше 3 жарым пайыздан аса қымбаттап, 1 286 доллар 50 центке сатылды. Бүгін АҚШ-та Алғыс айту күні мерекесіне байланысты негізгі биржаларда сауда белсенділігі бәсеңдеді. Инвесторлар АҚШ Федералды резерв жүйесінің алдағы пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімін күтіп отыр.