Транспорт және логистика. Қазақ көлік және коммуникация академиясы

Көлік саласының мамандарын даярлайтын бұл академияның тарихы Ташкенттегі Орта Азия теміржол көлігі инженерлері институтының Алматыдағы оқу-консультациялық пункті ашылған 1931 жылдан басталады. Сол уақыттан бері аты мен құрылымы бірнеше рет өзгерген іргелі оқу орны 2000 жылдан бастап қазіргі атауына ие болып, отандық көлік мамандарын оқытатын ең ірі академияға айналды. Материалдық техникалық базасын жаңартып отыратын оқу орны бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК қарамағында. Білікті маман даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында академия халықаралық деңгейде қызмет етеді. Толығырақ осы шығарылымда.