Транспорт және логистика. Жолдардың сапасы қалай тексеріледі?

Ел аумағындағы жолдардың қауіпсіздігі мен сапасы бірінші кезекте оны салған құрылысшылар мен бақылау жүргізетін полиция қызметкерлеріне емес, оны жобалап алдын-ала зерттеу жүргізетін отандық институтқа байланысты. Кез-келген жолды салмас бұрын бірнеше айға созылатын зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгін біз ТМД елдеріндегі осы салада көшбастап отырған отандық ғылыми зерттеу институты жайын сөз етеміз.