Астанада жаңартылатын энергия көздерінің картасы құрастырылады

Елордада Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының таныстырылымы өтті.

Астана экономикалық форумы барысындағы шарада корей еліндегі орталық өкілдерімен меморандум жасалып, әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Енді алдағы уақытта жаңартылатын энергия көздерінің картасын құрастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ елімізде жасыл экономикаға көшу мақсатында арнайы тұжырымдама бекітілді.

Салтанат Рахымбекова, Expo&Women халықаралық ұйымы төралқасының төрайымы:

- Жасыл экономика 7 бағытты қамтиды. Қалдықтарды қайта өңдеу, баламалы тоқ көз көлемін көбейту, энерготиімділікті арттыру, жасыл транспорт дейміз, сондай жобаларға үздік жобаларды тартуымыз керек. Жасыл экономиканы таратқаннан кейін көпшілік халықпен жұмыс істеу керек. Халыққа осы жасыл технологияның тиімділігін тарату керек, арттыру керек.