424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақпан айынан бастап ескі банкноттар қабылданбайды

  • 658
  • UPD: 21:43, 21.01.2021

1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар қабылданбайды.

Бұл туралы Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов мәлімдеді. 1 ақпанға дейін қазақстандықтар банкноттарды тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбастай алады. Бүгінге дейін банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендердің қатарында Алматы мен tлорда тұрғындары тұр. Айырбастауға қабылданған банкноттың 42,4 проценті 10 000 теңгелік номиналға тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы