419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өзекті мәселелерін талқылады

  • 71
  • UPD: 14:22, 05.02.2021
Сенаторлар өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өзекті мәселелерін талқылады Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Атамекен» ҰКП басшылығымен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі мәселелері болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында өндірістік объектілерді жетілдіру, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне кредит беру деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.

Кездесу «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары» тақырыбына арналған Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.

Хабар 24 телеарнасы