24 ақпаннан бастап AsiaСredit Bank депозиттері бойынша төлемдер басталады

24 ақпаннан бастап AsiaСredit Bank депозиттері бойынша төлемдер басталады

AsiaСredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемді 24 ақпаннан бастап төлей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан хабарлады. Агент ретінде Еуразиялық банк бекітілді. Өтініштер аталған банктің әр бөлімшесінде келесі жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. Кезектерді болдырмау үшін салымшыларға сенбі күні де қызмет көрсетіледі. Өтінімді сайт арқылы қашықтықтан беруге де болады. Өтемді құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге уәде берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін AsiaCredit Bank-те жалпы сомасы шамамен 19 миллиард теңге болатын 23 мыңнан астам салымшының депозиттері бар екені хабарланған болатын. Клиенттердің банктік шоттары бойынша барлық операция 12 ақпаннан бастап тоқтатылған еді.