Қазақстан-Грузия экономикалық қоғамдастығы құрылтайшыларының алғашқы жиыны өтті

Қазақстан-Грузия экономикалық қоғамдастығы құрылтайшыларының алғашқы жиыны өтті

Тбилисиде Қазақстан мен Грузия экономикалық қоғамдастығы құрылтайшыларының алғашқы жиыны өтті.

Басқосуды өткізуге Грузиядағы Қазақстан елшілігі мұрындық болды. Шара барысында жаңа бірлестік жұмысы таныстырылды. Ортақ экономикалық қоғамдастық екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен сауда және мәдениет саласына қатысты. 

Камилла Жайлаубаева, AIR ASTANA әуе компаниясының Кавказдағы бас менеджері:  

- Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық қоғамдастыққа қосылғанымызға қуаныштымыз. Біз Грузияның туристік әлеуетін арттыруға ниеттіміз. Бүгінде «Эйр Астана» Алматы мен Тбилиси арасында аптасына 3 рейс жасайды. Болашақта еншілес компанияларымыздың да сапарлары жоспарланып отыр. 

Грузияда қазақстандық капиталы бар 30-дан аса компания жұмыс істейді. Олардың жалпы инвестиция көлемі 450 миллион доллардан асады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 121 миллион доллардан асқан.