Шаруалар егінді қуаңшылықтан сақтандыра алады

Шаруалар егінді қуаңшылықтан сақтандыра алады

Қазақстандық шаруалар 15 сәуірге дейін өз егістіктерін құрғақшылықтан online режимінде сақтандыра алады.

Сарапшылардың пікірінше, көптеген аймақтарда алдағы жазда қуаңшылық болады. Ал ылғалдылықтың төмендігінен көктемнің соңында дәнді дақылдар қалыпты деңгейде өспеуі мүмкін. Жалпы өткен жылдың басынан бері сақтандырудың бұл түрі ерікті түрде болды. Өз Құжат рәсімдеуді шешкен адам сақтандыру құнының жартысын субсидия түрінде алады. Егер сақтандыруды іске асыру керек болса, онда жүйе бұл ақпаратты автоматты түрде есептейді. Сонда шаруалар он бес жұмыс күні ішінде төлем алады. Биыл шығындарды субсидиялауға үш миллиардтан теңге астам қаражат бағытталады.