Қаражат жинайтын қазақстандықтар көбейген

Қаражат жинайтын қазақстандықтар көбейген

2021 жылдың бірінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктердің несие қоржыны 1,2%-ке өсті.

Ұлттық банк дерегінше, бұл наурызда берілген несиелердің көптігімен байланысты. Аталған айда несие беру көлемі 27%-ке артқан.

Сала мамандарының мәліметінше, банктер жеке тұлғаларға қарыз беру есебінен қолдау табады. Өткен жылдың қарашасынан бастап биылғы жылдың қаңтарына дейін негізінен екі бағыт бойынша несие рәсімделген. Бұл тұрғын үй сатып алу және құрылыс салалары. Бірақ ақпанда бұл бағытта қарыз алу азайған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қаражатын жинайтын қазақстандықтар да көбейген. Мысалы, биыл депозиттердің өсімі жеделдеді. Ал тұтынушылық несиелер 3,8%-ке өсті, заңды тұлғалардың негізгі қорларды сатып алуға арналған несие портфельдері де ұлғайған. Сараптамаға сәйкес, бұл Қазақстан экономикасының рецессиядан біртіндеп шығып жатқанын көрсетеді.