Қазақстандық өндірушілерге халықаралық платформаларға шығуда қолдау көрсетіледі

Қазақстандық өндірушілерге халықаралық платформаларға шығуда қолдау көрсетіледі
rusfair.group

Отандық өндірушілерге заманауи жүйелерді қолдану және халықаралық платформаларға шығу бойынша қолдау көрсету мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Консультанттармен жұмыс істеп, оқыту бойынша арнайы жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің сұрағына берген жауабында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

«Мысалы, Alibaba платформасына екі жылда 100 тұрақты өндіруші орналастырылды. Қазақстанның «алтын аккаунты» құрылды. Алдағы уақытта қатысушылар санын 150-ге жеткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда сауда көлемі шамамен 18 миллион доллар, бірақ бұл бастапқы кезеңде ғана. Тәжірибе жинаған соң бұл көрсеткіш геометриялық прогрессиямен өсуі мүмкін. Біздің тауарға сұраныс жоғары. Сонымен қатар, мамыр айынан бастап Amazon платформасында арнайы опция ашылып, біздің сатушылар өз жұмысын бастады. Вайлдберис, eBay сияқты осындай бірқатар нақты алаңдармен келіссөздер жүргізілуде», – деді министр.