Бақыт Сұлтанов АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөздер жүргізді

Бақыт Сұлтанов АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөздер жүргізді

Бүгін, 15 шілдеде ҚР сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөзі өтті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін бірқатар мәселе талқылады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2020 жылы $1,7 млрд құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 24,9% төмен ($2,2 млрд), сондай-ақ биылғы 5 айдың көрсеткіштері өсу үрдісіне ие (тауар айналымы $749,8 млн құрап, 0,2% артты).

Қазақстан преференциялардың бас жүйесінің (ПБЖ) бенефициары болып табылады. АҚШ-тағы ПБЖ критерийлерін қайта қарау туралы біле отырып, министр «бізді түбегейлі жаңа талаптар (критерийлер) және заңды қабылдау мерзімдері, сондай-ақ заң күшіне енгенге дейін төленген баждарды өтеу мүмкіндігі қызықтырады» деп атап өтті.

Келіссөздер барысында министр Джексон-Вэниктің Қазақстанға қатысты түзетуін жоюға қатысты ұзаққа созылған мәселе туралы айтып, АҚШ Президенті әкімшілігі тарапынан осы мәселені шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Иранмен ынтымақтастықты талқылау аясында сауда министрлігінің басшысы АҚШ Сауда өкілдігімен (USTR) бірлесіп, қолданыстағы санкциялық режимді бұзбайтын коммерциялық қатынастарды құру үшін Қазақстанның экспорттаушыларымен жұмыс істеу үшін отандық мамандарды оқыту үшін семинарлар өткізуді ұсынды.

Талқыланатын басты тақырыптардың бірі ДСҰ-ның алдағы 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібі болды.

Министр атап өткендей, аталмыш конференция әлемдік сауданың өзекті мәселелері күн тәртібінде тұр.

«Қазіргі жағдайды, сондай-ақ пандемияның алдын ала болжанбауын ескере отырып, прагматизм өте маңызды болады деп санаймын. Бұл тұрғыда ұйымды алдағы жылдарға жұмысты ынталандыруға мүмкіндік беретін траекторияға шығару қажет. Біз МК-12 субстантивтік мәселелері бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізуде АҚШ-тың салмақты рөлін көріп отырмыз», - деді Б.Сұлтанов.

Жалпы, ҚР сауда және интеграция министрі МК-12 қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізу маңызды төрт мәселені атап өтті:

– барлық ел үшін вакциналар мен медициналық тауарларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

– балық кәсіпшілігін субсидиялау;

– ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық;

– ДСҰ реформасы.