423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарады

  • 173
  • UPD: 09:55, 24.08.2021
Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарады рrimeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. Үкімет басшысы республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындауға, сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді. 2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Атаулы ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгеден 2026 жылы 119,9 трлн теңгеге дейін өседі. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4-6%-ды құрайды, кейіннен 2026 жылы 3-4%-ға дейін төмендейді. Шикізаттық емес сектор сапалы өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады және экономика тұрақтылығының негізгі факторы болып қала береді. Бюджет шығыстарының негізгі бағыттары экономиканың нақты секторын, кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, мәдениет пен спорт салаларын, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз ету болмақ. Үкімет басшысы аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы