Биылғы тоғыз айда елімізде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биылғы тоғыз айда елімізде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
saigez.kz

Бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

«Қаңтар-қыркүйекте Қазақстан экономикасының өсуі 3,4%-ке дейін артты. Нақты сектордағы өсу – 3,5%. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,9%-ке дейін өсті», – деді Әсет Ерғалиев.

ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 9 айда тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуі – 15,1%. Құрылыста – 1,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%, саудада – 37,8%, ауыл шаруашылығында – 36,7%, ақпарат және байланыс саласында – 14,3%, жылжымайтын мүлік операциясында – 18,9% және қаржы қызметінде 15,6% жоғары көрсеткіш бар.

ҰЭМ басшысы хабарлағандай, қаңтар-тамыздағы сыртқы сауда тауар айналымы – 62,8 млрд доллар. Оның ішінде экспорт – 37,5 млрд доллар. Бұл ретте өңделген тауар экспорты 23,2%-ке 12,1 млрд долларға дейін өсті. Ал тауарлар импорты 25,4 млрд доллар. Осылайша, 12,1 млрд доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтауда. Өндіріс көлемі 5,7%-ке өсті.

2021 жылғы 9 айда орындалған құрылыс жұмысы көлемі 9,7%-ке өсті. Қаңтар-тамызда 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.