Майнерлерге салынатын салық көлемі артады

Kapital.kz

Майнерлерге салынатын салық көлемі ұлғаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі қазір 1 киловатт энергия үшін олар небәрі 1 теңге ғана төлейді. Бірақ бірнеше облыс тұтынатын электр энергияны жаратып отыр. Ал олардың қызметінен айтарлықтай пайда жоқ. Өнім шығармайды. Жұмыс орындарын ашпайды. Криптовалютадан айтарлықтай түсім түспейді. Қасым-Жомарт Тоқаев қордаланған мәселені көтерді. Айтып қана қоймай, тиісті қызмет түрімен айналысатын барлық фирманы 15 наурызға дейін тексеруді тапсырды. Қаржылық мониторинг агенттігі салық кеден түсімдері мен келісімшарттарды бүге-шегесіне дейін қарап шығу керек. Ал Үкімет қысқа мерзімде олардың жұмысын реттеуге міндетті. Бұл шаралардың нәтижесі 1 сәуірде белгілі болады. Сондай-ақ Президент энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шұғыл шешуді жүктеді. Атом электр станциясы болмаса экономикамыз құрдымға кетеді. Бірақ жауапты адамдар бұл мәселеден басын алып қашады. Бізге таза атом энергиясы қажет деп кесіп айтты.