БҚО-да күнбағыс майы қымбаттап кетті

БҚО-да күнбағыс майы қымбаттап кетті

Еліміздің батыс өңірінде күнбағыс майы қымбаттап кетті. Батыс Қазақстан облысында күнбағыс майының бағасы бір жылда 35,6 процентке өскен.

Мамандар мұның себебін шикізат пен жанар-жағармай бағасының өсуімен байланыстырады. Ал көршілес Ақтауда 1 литр күнбағыс майының бағасы 1000 теңгеге жеткен. Бағаның бұлай шарықтауы базарларда салат пен түрлі тұздық сататын кәсіпкерлерге қиын болып отыр.

Олардың айтуынша, күнбағыс майы негізгі қоспа. Амал жоқ, ащы тағамдардың бағасын көтеруге тура келеді. Бірақ тұрақты клиенттерден айырылып қаламыз ба дейді олар.

Гүлнәр Ан, кәсіпкер, Ақтау қаласы:

- Күнбағыс майы қымбат. Бұл бизнеске кері әсерін тигізіп отыр. Былтыр 500 теңгеден алатынбыз. Қазір 800-900 теңгеден сатылады. Амал жоқ, аламыз. Салаттардың бағасын өсірген жоқпыз. Біздің тұтынушыларымыз көбіне зейнет жастағы тұрғындар.

Мейрам Қабдығалиев, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ресми өкілі:

- Қазіргі таңда БҚО статиситка департаментінің мәліметі бойынша күнбағыс майының бағасы 796 теңгені көрсетіп тұр. Жалпы жылдың басынан бұл баға өзгермеген. Сонымен қатар жергілікті өндірушілердің өнімдері қазіргі біздің сауда орындарының сөрелерінен көруге болады. Олардың бағасы әлдеқайда арзан басқа шет елдерден келген күнбағыс майларының бағасына қарағанда.