Қазақстандық әуе компаниялар Еуроодақтың «қара тізіміне» кірмейді

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Еурокомиссияның мобильдік және көлік департаменті арасындағы ынтымақтастық еліміздегі ұшу қауіпсіздігі деңгейінің артуына септігін тигізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Брюссельде еуропалық әріптестерімен өткен кездесу қорытындысы бойынша еліміздің азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев хабарлады. Ұшу қауіпсіздігі басқосудың басты тақырыптарының біріне айналды. Былтыр жазда Қазақстанға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдері келген болатын. Мамадар еліміздегі ұшу қауіпсіздігі жоғары деңгейде екенін айтып, оны 84 процентке бағалаған еді. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 15 процентке жоғары. Талғат Ластаевтың айтуынша, еліміздің 12 әуежайыда «ашық аспан тәртібін» енгізу керек. Әуе айлақтары тек тікелей рейстер үшін ғана емес, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік сапарлар үшін де жарамды болу үшін ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сай болу керек. Талғат Ластаев бұл ретте еуропалық серіктестермен тәжірибе алмасудың көп айдасы тиетінін айтады. Енді тараптар сәуірде қайта кездесуді жоспарлап отыр. 

Талғат Ластаев, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

– Азаматтық әкімшілік құрылған. Ол бірнеше жыл ішінде жақсы нәтиже көрсете алды. Еурокомиссия мүшелері бұған оң бағасын беріп отыр. Былтыр біз Еуропа азаматтық авиация конференциясының мүшесі атандық. Соған сәйкес енді Еуроодақ қазақстандық авиакомпанияларға шектеу шараларын қолданбауы тиіс.