Сбербанк Қазақстан жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр

Сбербанк Қазақстан жүйесі мен банктың барлық бөлімшесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. Банк клиенттерінің қаражаттары сенімді түрде қорғалған. Сондай-ақ олардың өз есеп-шоттарына алаңдауына еш негіз жоқ.

Сбербанкте шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру операциялары шектеусіз жүргізілуде. Бұл қызметтерді кеңселерде, банкоматтар мен Sber KZ және SberBusiness мобильді қосымшаларында алуға болады. Сондай-ақ банкте валюталарды кез келген көлемде ауыстыруға мүмкіндік бар.

Ильяс Санияров, Cбербанк Қазақстан клиенті:

- Маған тез карточкамды толтырып берді, бір минуттан да асқан жоқ. Бәрін толтырып жақсы жасап берді. Сбербанк карточканы ашқаннан бері ешқандай проблема болған жоқ. Бастысы, елімізде тыныштық болса болды. Счет, ондайға уайымдаған түк жоқ.

Сбербанкте тауар ақысын төлеуге, төлем жүйелерінің пластикалық карталарымен аударымдар және операцияларды жүзеге асыруға болады. Ал банк клиенттерінің жинақтары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тарапынан қорғалған. Сонымен қатар Банк жеке тұлғаларға несие беруді жалғастырады.

Вячеслав Пак, Cбербанк Қазақстан клиенті:

- Банктегі есеп-шоттарыма қатысты қандай да бір алаңдаушылық болды. Бірақ банкке келгенде барлығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанына көзім жетті. Барлық қызмет түрлері еш кедергісіз жасалуда. 

Қазақстанда 15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Сбербанк еліміздегі ірі банктердің үштігіне енеді. Қаржы ұйымы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының ресми операторы саналады.

Айта кету керек, Сбербанк Қазақстан «Баспана хит» бағдарламасының аясында ипотека беру бойынша абсолютті көшбасшы атанған болатын.

Гүлжан Көланқызы, Мұхит Құдықбаев