Баспана бағасы шарықтап барады

Баспана бағасы шарықтап барады

Теңгенің құнсыздануынан ипотекалық ставкалар көтерілсе, баспанаға сұраныс біртіндеп төмендейді.

Мұндай жағдайда тұрғын үй арзандауы мүмкін. Өйткені ел азаматтары азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарға басымдық беріп, бар ақшасын соған жұмсайды. Ал баспана алу мәселесі екінші орынға кетеді. Яғни тұтынушылық қабілеттің төмендеуінен, тұрғын үй нарығындағы сұраныс азаюы әбден мүмкін. Жылжымайтын мүлік нарығының мамандары осылай дейді. Еліміздің риелторлар қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, баспана нарығы қазір қатты қызып тұр. Бірақ теңге бағамының құбылуына байланысты үй алуды кейінге қалдырған азаматтар да көп.

Әли Мұсабеков, Қазақстан Республикасы риелторлар қауымдастығының өкілі:

- Ипотеканың қолжетімділігі төмендеді. Өйткені проценттік ставкалар өсті, қазір ол 16-20% аралығында. Нарықтың заңдылығына сай ипотекалық мөлшерлеме  өскенде, баспана бағасы арзандайды. Сұраныс аз болса, ұсыныс та төмендейді. Ал жылжымайтын мүлік құнына қатысты қазіргі жағдайда болжам жасау қиын. Өйткені нарыққа әсер ететін факторлар күнде өзгеріп жатыр.

Елдің жартысында іскерлік белсенділік төмендеді

Ақпанда 8 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 9 өңірде нашарлаған. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейі байқалды. Ал Жамбыл облысы мен Алматы қаласында төмен.