Ақпанда халық 197 млрд теңгеге доллар айырбастаған

Өткен айда қазақстандықтар 197 миллиард теңгеге доллар айырбастаған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 70 процентке артық.

Ұлттық банк мәліметінше, ақпанда валюта айырбастау орындары 75 млрд теңгеге рубль, 19,1 млрд теңгеге еуроны сатты. Ал қытай валютасы юань сатып алуға ел азаматтары 51 млн теңге жұмсаған. Алматы сатылған американдық валюта көлемі бойынша бірінші орында тұр. Өткен айда мегаполисте 81 млрд теңгеге доллар сатып алынды. Бұл 2021 жылдың ақпанына қарағанда 99 процентке артық. Еуро мен юань да осы Алматыда көптеп сатылған. Одан кейігі орында бас қаламыз орналасты.

Атап өтейік, теңге долларға шаққанда нығая түсті. KASE биржасындағы соңғы сессия қорытындысы бойынша бір доллар 481 теңге деп белгіленді.