Ұлттық жобаларда игерілмеген қаржыны келер жылға қалдыруға мүмкіндік беріледі

Ұлттық жобаларға бөлінген қаржы мерзімінде игерілмесе, келер жылға қалдыруға мүмкіндік берілмек. Сондай-ақ өңірлер арасында бөлуге де рұқсат етіледі.

Сенатта бюджет мәселесін талқылау кезінде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин осындай ұсыныс жасады.

Айтуынша, бұл жүйе министрлер мен әкімдіктерге бюджетті дербес басқару құқығын береді. Сондай-ақ бюрократияны азайтады. Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын созбалаңға салмау үшін нәтижелі индикатор белгіленеді. Яғни еңбек жұмсалған қаржы емес, атқарылған жұмыс бойынша бағаланады. Сәйкесінше қаржыны иегрмегендер емес, нәтижелі индикатроға қол жеткізе алмағандарды жауапқа тарту ұсынылды.

Гүлсана Дәрібаева, ҚР ҰЭМ Бюджет саясаты департаментінің директоры:

- Ақшаны игермей проект тұрып қалса, нәтижесіне жетуге мүмкіндік жоқ болып жатса, онда жауапкершілік болады. Жылдың аяғы келіп қалды. Барлық жұмыстар жасалынған. Кішкене бірдеңе бітпей тұр. АКТ қабылданбай тұр. Сондай жағдайлар болады ғой объективті жағдайлар. Сол кезде ғана біз рұқсат береміз.