Теңге бағамы нығайып келеді

Теңгеге шаққанда доллар арзандап жатыр.

Қазақстан қор биржасының дерегіне сүйенсек, қазір бір доллар 446 теңге 89 тиынға теңесті. Бұл алдыңғы сауда-саттық нәтижесінен 11,13 теңгеге аз. Ал Ұлттық банк ұсынған ресми бағамға сай АҚШ валютасы 458 теңге 87 тиын.