Банкроттық туралы заң керек пе? Халық пікірі

  1. Мысалы, кейбіреулер алады мысалы жағдайы болмай қалады. Заң керек, халыққа көмектесу керек. Халық өйткені төмендеп кетті. Үкіметтен жәрдем болады ғой. Бірақ бір жағынан тағы болмайды. Үкіметке сеніп халява дейді ғой. Бір жағынан ол да болмайды.
  2. Кредит алып көрмегенмін ешқашан, кредитпен байланысым жоқ. Бірақ кешіріп жатса үкімет халыққа жақсы деп ойлаймын. Енді кредит кешірілсе, халықтың жағдайын түзеледі ғой деген ой ғой. Қазір көбі мынадай заманда қымбатшылық қысып бара жатыр өзі.
  3. Осы банкрот деп өзіне жариялаған қалай? Мен өзім үлкен организацияларды банкрот деп білемін. Ал жеке адамдарды банкрот дегенін түсінбеймін.
  4. Әрине дұрыс. Төлей алмайтын адамдар көп қой мысалы үшін. Жағдайына қарай, отбасылық жағдайына қарай алады. Төлемеймін деп ойламайды ғой адамдар. Төлеймін дейді, бірақ енді әркімде әртүрлі жағдайлар болады, жағдайы келмейтін, денсаулығы келмейтін отбасы нашар адамдарға мысалы үшін кешіріп, жабуына көмектесіп ол өте дұрыс.
  5. Халыққа енді үлкен көмек қой. Көбісі кредитте отыр бәріміз. Ипотекада отыр, қазіргі заман бәрі қымбаттап жатқаннан кейін жұмыстан да айырылып жатыр көбісі. Қазір енді осындай жеңілдік болса әрине жақсы ғой халыққа.