Базалық мөлшерлеме 14%-ке дейін көтерілді

Базалық мөлшерлеме 14%-ке дейін көтерілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14%-ке дейін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы институты ұсынған ақпарат бойынша Қазақстанда наурыз айында жылдық инфляция 12 процентке жеткен. Инфляцияның үдеуі тауар мен қызмет бағасының өсуіне әсер етті. Елде азық-түлік қымбаттады. Биылғы жылдың 1-тоқсанында жаңадан берілген несиелер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3% өсті. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жыл басынан бері екі рет көтерген болатын. Әлем елдерімен салыстырғанда Қазақстанда базалық ставка жоғары саналады.

Арман Бейсембаев, экономист:

Несие пайыздары бизнес үшін өте ауыр болады. Тұтынушы несиесіне қосылатын артық төлем шарықтайды. 1 миллион алсаң, екі миллион етіп қайтаратындай деңгейде болады. Жалақы өспесе, тұрғындардың тұтыну қабілеті төмендейді. Сондықтан адамдар несие алу жайында өте мұқият ойлануы қажет. Болашақта базалық мөлшерлеме 17-18 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Пессимистік оймен болжасақ, жыл соңында инфляцияны 20-25 пайыз көлемінде күтуге болады деген сөз.