Пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылады – Ербол Қарашөкеев

Биыл пайдаланылмай жатқан 5 миллион гектар ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылады. Жауапты ведомство басшысы Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, қазір алқаптарды ғарыштық мониторинг арқылы бақылау жүйесі айтарлықтай жетілдірілген. Бұл жұмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының базасында жүргізіледі.

Жақында «Жер инспекторының кабинеті» платформасы әзірленіп, жыл соңына дейін іске қосылмақ. Бұл порталда жерге қатысты деректерге талдау жасап, учаскелерді негізсіз пайдалану белгілерін анықтауға болады.

Сондай-ақ министр барлық ауылшаруашылық жерлері цифрланып болғаннан кейін де ғарыш мониторингінің пайдасы көп болатынын жеткізді.