Елордада қазақстандық өндірушілердің VI «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі ашылды

Елордада қазақстандық өндірушілердің VI  «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі ашылды.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған шараға шағын және орта бизнестің 350-ден астам қатысты. Онда жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика өнімдері, жиһаз, ағаштан жасалған тауарлар, зергерлік бұйымдар мен ұлттық киімдер сатылады. Аталған шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева қатысты.

Көрменің ашылуына Үкімет басшысы қатысып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетті. Оның айтуынша, биыл жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 165 жобаны іске асыру жоспарланған. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған көрме 22 мамырға дейін жалғасады. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-дан 35%-ға дейін ұлғайды. Өндірілген өнім көлемі 2 есеге артып, 30 трлн теңгеге жетті. Мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған жалпы кредиттік портфель 57 процентке артып, 3,4 трлн теңгені құрады. Ағымдағы жылы аталған іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 195 млрд теңге қосымша қарастырылған. Өткен жылмен салыстырғанда 35 процентке көп. Өндірістің қайта өңдей саласындағы импорт өткен жылы 38 млрд долларды құрады. Бұл отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестициялар бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді. 

«ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қазақстандағы тұңғыш кілем фабрикасын ашқан кәсіпкер де қатысты. Қазір компания 400-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр.

Дәулет Қанашаев, "Bal Tekstil" компания директорының орынбасары:

- Құрылғаннан бастап, мемлекет тарапынан қолдау бар. Даму агенттігінің тарапынан көптеген жеңілдеттілген несиелер алып келеміз. Қолдаудың арқасында өзіміздің дамуымыздың 4 этапына өттік. Кілемдеріміз ішкі нарықтан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейге экспортталады. Біздің кілемдеріміз Еуропа нарығында да сатылады.

Айта кетерлігі, биыл «Даму» қоры субсидиялау және кепілдік беру бойынша 42 мыңға жуық жобаны қолдауды жоспарлап отыр.

Наргиз Бекмағанбетова, Жандос Битабаров