Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті

Әйелдерді жұмысқа тартып, кәсіпкерлікке баулу арқылы қоғамдағы әлеуметтік масылдықты жоюға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Түркістанда өткен іскер әйелдер форумына қатысушылардың пікірі. Еліміздің әр аймағынан келген іскер ханымдар әйелдердің қоғамдағы орны мен оларды кәсіпке тартудың маңыздылығы жайында ойларын ортаға салды. Қолы бос қыз-келіншектерге әр салада табысқа жеткен іскер әйелдердің жетістігін көрсетті.

«Нәзік жандылардың әл-ауқатының артуы тек отбасы үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін пайдалы»,- дейді форум делегаттары. Қазір қыз-келіншектер барлық салада жетістікке жеткен. Кез келген кәсіпті ұршықша иіреді. Еліміздегі шағын және орта бизнестің 52, ал жалпы ішкі өнімнің 40%-і осы іскер әйелдерге тиесілі. Олар тек кәсіп те ғана емес, мемлекеттік қызметте де өздерінің білікті басшы бола алатынын  көрсетіп отыр.  

Инара Намазбаева, Түркістан облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

Іскер ханымдардың жетістіктерін көрсету, жастарға бағыт беру, қыз-келіншектердің біздің елімізде қандай жетістіктерге, қандай шыңдарға жетуге мүмкіндігі бар екенін тағы да бір көрсете білу.