Ә. Смайылов ТМД елдерін қымбатшылықпен күресте бірігуге шақырды

Әлихан Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.

ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Қатысушылар экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Еске салайық, биыл Ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Соның аясында Әлихан Смайылов басым міндеттерінің бірі өзара сауда көлемін ұлғайту және оны әртараптандыру екенін атап өтті. Былтыр Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен өзара сауда көлемі 32 млрд доллардан асты. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша шамамен 7,5 млрд доллар. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қойылды. Соның ішінде Биологиялық материалмен алмасу туралы келісімге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы жануарларын молайту кезінде генетикалық материалдың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы құжаттар бар. Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2022 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Әлихан Смайылов,  ҚР Премьер-министрі:

- Әлемдегі дағдарыс азық-түлік нарығына кері әсер етіп отыр. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне сәйкес әлемдегі азық-түлік бағасының индексі былтырғы сәуірмен салыстырғанда биыл 30 процентке өскен. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу үшін кезең-кезеңімен кешенді экономикалық ұйымдастыру шараларын іске асыру керек.