ЕАЭО елдері арасында ең жоғары инфляция қай елде тіркелді

ЕАЭО елдері арасында ең жоғары инфляция қай елде тіркелді
Trend.az

ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары инфляция сәуірде Арменияда байқалды – 2,3 %, Қазақстан мен Қырғызстанда 2%-тен, Ресей мен Беларусьте – 1,6%-тен.

Бір жыл ішінде (2022 жылғы сәуір 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалары мен тарифтері Ресейде 17,8%-ке, Беларусьте 16,8%-ке, Қырғызстанда 14,5%-ке, Қазақстанда 13,2%-ке, Арменияда 8,4%-ке ұлғайды.

Бір ай ішіндегі азық-түлік пен алкогольсіз сусындар бойынша ең жоғары өсім Ресейде тіркелді – 22,6 %, алкоголь мен темекі Қырғызстанда – 15,2%, киім мен аяқ киім Беларусьте – 9,5%, тұрмыстық заттар Ресейде 24,2% қымбаттады, көлік саласындағы қызметтердің құны Беларусьте 26,2% өсті.