ХВҚ елімізге қолдау көрсете беруге дайын

ХВҚ елімізге қолдау көрсете беруге дайын

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға әрі қарай да қолдау көрсетуге дайын.

Бұл туралы аталған ұйым өкілдерімен бейнеконференция кезінде айтылды. Премьер-Министр Халықаралық Валюта Қоры миссиясының өкілдерімен өткен жиында стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

Биыл еліміз бен Ұйым арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толды. Халықаралық Валюта Қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше бұған дейін ынтымақтастықтың көптеген бағыты бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.