Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр

Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресей - Латвия арасындағы кедендік бақылау бекетінен өте алмай жатыр.

Шекараның екі жағында да ұзынсонар кезек. Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер. Мәселе Еуропалық Одақтың Ресей мен Беларуське санкция салуынан басталды. Кейін беларус елінің кәрі құрлықтан қатынайтын жүк көліктеріне қарымта шектеу енгізуі жағдайды ушықтырып жіберді. Беларусь шектеуін алмаса, ұзынсонар кезек жаз бойы жалғасады.

Мұрат Амрин, «Атамекен» ҰКП департамент директоры:

- Еуропадан келетін жүк шекаралас терминалдарға дейін жеткізіледі. Сол жақтан Ресейге, Беларусь және Қазақстан Республикаларына жөнелтіледі. Ресей тарапы Батыс тасымалдаушыларына өз аумағымен жүруге ешқандай тыйым салмаған. Осыған байланысты Ресей мен Латвия бекеті арқылы өткісі келетіндердің саны күрт артты. Өкінішке орай, қазақстандық тасымалдаушылардың да басқа жолмен барар баламалы бағыты жоқ. Сорақысы сол, кеденнен өту ұзақтығы 5 күннен 2 аптаға дейін ұзарды.