Елімізде жыл соңына дейін инфляция 15%-ке жетуі мүмкін

Мамыр айындағы өсім 0,8 процент болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен айлармен салыстырғанда инфляция сәл бәсеңдегенімен былтырға қарағанда әлі де жоғары. Оған азық-түлік тауарларының қымбаттауы тікелей әсер етті.

Қалған өнім де, ақылы қызмет құны да өсті. Ұлттық банктің болжамы бойынша, жыл соңына дейін инфляция 15 процентке дейін жетуі әбден мүмкін. Осы орайда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрлер кабинетіне тиісті шаралар қабылдап, инфляцияны бәсеңдетуді тапсырды.