Еліміз Ресей компанияларымен Екатеринбургтегі көрмеде 27 келісім-шарт жасасты

Қазақстан мен Ресей компаниялары Екатеринбург қаласында өтіп жатқан "Иннопром-2022" халықаралық өнеркәсіптік көрме аясында 27 келісім-шартқа қол қойды.

Құжаттар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, үздік тәжірибелермен алмасу және жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Серіктестіктің жалпы сомасы 50 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл ауқымды шараға 500 отандық кәсіпкер қатысып жатыр.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігінің арасында жол картасына қол қойылып отыр, ол жол картасы өнеркәсіп саласындағы кооперацияны нығайтуға бағытталған. Осы жол картаның шеңберінде үш жаңа жоба іске асырылатын болады. Олардың жалпы сомасы 6,3 млрд доллар құрайды. Оның ішінде қуантатын жағдай әрине осы жобалардың басым бөлігі біздің елдің аумағында іске асырылатын болады.