Ресей соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтатты

Ресей соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтатты
24.kz мұрағатынан алынған фото

Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатты, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот мұнайдың апаттық жағдайда төгілуін анықтаған. Сот шешімімен келіспейтін Каспий құбыр консорциумы қайта шағымдануға ниетті.

«КТК-Р» АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге шегеру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды. Соттың 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылды: «КТК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік негізде тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды» деп хабарлады компания.