Алматы мен Нұр-Сұлтан әлемдегі ең қымбат қалалардың тізіміне енді

Алматы мен Нұр-Сұлтан әлемдегі ең қымбат қалалардың тізіміне енді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары өмір сүру бойынша әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына енді.

Рейтинг 2022 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша түзілген, деп жазды Numbeo сайты.

Сайт әлемдегі ірі қалаларда өмір сүру құны туралы ақпаратты жинақтаған. Рейтингке барлығы 510 қала кірді. Өмір сүру құнының индексін есептеу үшін сарапшылар Нью-Йорктің негізгі көрсеткішін пайдаланған. Өмір сүру құнының индексі бойынша Алматы 466-орында, ал Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 475-орында тұр.

Тізімде бірінші болып Бермуд-Гамильтонның әкімшілік орталығы орналасқан.

Айта кетейік, өмір сүру құны бойынша үздік 10 қалаға Швейцария мен АҚШ қалалары кіріп отыр. Атап айтсақ, Базель (Швейцария), Цюрих (Швейцария), Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ, Гавайи штаты), Санта-Барбара (АҚШ, Калифорния штаты) және Нью-Йорк қаласы (АҚШ). Рейтинг жасау үшін зерттеушілер тұрғын үйді жалға алу мен тұру, тамақ, сонымен қатар қала мейрамханаларындағы бағаларды зерттеді.