Ресейден елімізге қант қыркүйекте әкелінеді

Ресейден елімізге қант қыркүйекте әкелінеді

Ресейден қант биыл қыркүйек айында әкеліне бастайды. Мәскеудің құмшекер экспорттауға енгізген шектеуі 31 тамызда өз күшін жояды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша алдағы уақытта Қазақстанда өнім тапшылығы болмайды. Өткен аптада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде қауымдастыққа мүше әрі мүдделі мемлекеттердің құзырлы органдарына Беларусь пен Ресейден күз айында шұғыл қант жеткізу туралы тапсырма берілді. Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметі импортты алмастыру жобаларын қолға алды. Оның ішінде қант қызылшасы өндірісін дамыту жоспары да бар. Тағы Үндістан мен Латын Америкасы елдерінен қант құрығын жеткізу бойынша екіжақты тиімді келісімшарттарға қол қою көзделген. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, дейді мамандар.

Әлішер Өмірзақ, ҚР сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:

– Бүгінгі күні ҚР бойынша қант қоры шамамен 27 мың тоннаны құрайды. Қазір қант өндірісі тоқтаған жоқ. Ертеңгі күні бұл көрсеткіш өзгереді дегенді білдіреді. Қазір бұл тауар түрінің біздің нарықта жетіспеушілігі байқалмайды.