Шетелден қайтарылған қаржы жүздеген миллиард теңгеге жетеді

Шетелден қайтарылған қаржы жүздеген миллиард теңгеге жетеді

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 жарым айда айтарлықтай нәтиже көрсетті.

Қайтарылған қаржы жүздеген миллиардқа жетеді және бұл жұмыстың басы ғана, дейді еліміздің стратегиялық зерттеулер институтының өкілі Ермек Тоқтаров. Қазақстан экономикалық ресурстардың санаулы тұлғалар қолында шоғырлануына қарсы белсенді күрес жүргізіп жатқан жалғыз ел емес. Шет елдердің қаржылық барлау бөлімшелері, халықаралық ақпарат алмасу желілері сияқты еліміздің сенімді серіктестері бар, деп жазды саясаттанушы.

Ермек Тоқтаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

- Мемлекет басшысы жариялаған «Жаңа Қазақстанды» құру бағыты ең алдымен әділдік пен заң алдында барлығының теңдігі қағидаттарын бекітуді көздейді. Сондықтан мүлікті жеке меншікке беру туралы мемлекет үшін тиімсіз, бәсекелестіктен тыс, тіпті заң нормаларына қайшы жасалған келісімдер қайта қаралады. Мұндай келісім-шарттарды анықтау, оларды сот тәртібімен бұзу, сондай-ақ кейіннен активтерді қайтару ұзақ уақытты қажет ететін үрдіс. Сондықтан заңсыз алынған мүлікті қайтару жұмысында жүйелілік пен табандылық өте маңызды.