loader


КASE: шілдеде сауда көлемі төмендеді

Шілдеде КASE-дегі сауда-саттық көлемі 37 процентке төмендеді. Бірақ соңғы жарты жылда құнды қағаздар нарығында өсім байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ай сайынғы есебінде айтылды. Акция нарығы 4 жарым пайызға өсті. Оның капитализациясы 45 миллиард долларға жақын. Шілдеде КASE индексі де оң динамика көрсетті.

Әсіресе, «Kcell» акциясы 32 процентке өсті. Сәйкесінше олардың табысы да өсті. Екінші орында «Қазатомпром». Уран өндіруден алдыңғы қатардағы компанияның құнды қағаздары  өсім көрсетті. Отандық қор нарығында үшінші орында «ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары. Олардың акциялары 19 процентке өсті. Өткен айда КASE-де жеке тұлғалар 18 мыңнан астам шот ашқан. Осылайша орталық депозитарийдегі жеке инвесторлардың шоты 380 мыңға жетті.

Сондай-ақ...