280 тонна бензинді заңсыз экспорттамақ болған

280 тонна бензинді заңсыз экспорттамақ болған

Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысында осындай 5 вагон-цистернаны ұстаған. Онда құны 90 млн теңге болатын 280 тонна АИ-95 маркалы бензин тиелген.  Алайда жүк жанармай қоспасы ретінде көрсетіліпті. Күдіктілер елден 45 млн доллар болатын 50 мың тонна жанар-жағармайды заңсыз әкетуді жоспарлаған. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.